Алоэ гүлі туралы мәлімет

Алоэ – дәрілік өсімдік

А.Иманов атындағы жол көлік колледжінің

Оқушысы: Жаникисов Азамат Аманбайұлы

Жетекшісі: Жубанышева Токтагул Кайрболатовна

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады.

Адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік,шипалық жағына да көңіл бөлген.Қазақ халқы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Жер бетінде дәрілердің 40% өсімдіктерден дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.

Ерте заманнан-ақ ата – бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірбиелерінен өткізген.Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем – домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай біліудің маңызы зор «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.

Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII –ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 – інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.

Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі бөлмеде өсірілетін алоэ өсімдігіне тоқталайық.

Алоэ үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең таралған өсімдік түрі. Бұл өсімдік халықтық және медициналық тәжірбиеде кең қолданылады.

Алоэ лалагүлділер тұқымдасына жататын жапырақты өсімдік, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді Мағынасы «ащы» дегенді білдіреді. Сондай — ақ, емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» деген де балама атқа ие.
Отаны Оңтүстік Африка.Жапырағы шырынды,кедір бұдырлы,кейбіреуінің түсі алабажақ болады.Ұзындығы – 60 см. Шырынды алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады.

Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.

Үйде өсетін алоэның ағаш тәріздес, кірпі тәріздес,сондай ақ ақ жолақ жапырақты сәндік түрі болады.Бүгінде алоэның ғылымға белгілі болған 180 –дей түрі бар.

Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсаттада өсіріледі. Емдік практикада алоэның жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.

Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейтіледі. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептіріп, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға отырғызады. Екі үш жыл өткеннен кейін көктемде өсімдік көшіріліп отырғызылады.Көшіріліп отырғызылатын топырақтың өте құнарлы болуы шарт емес.Ол үшін бақшадағы, ауладағы топырақты қолдана беруге болады. Ондай топыраққа аздап кірпіш және көмір ұнтағын қосады Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.

Читайте также:  Как укоренить гвоздику с букета

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді

Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.

Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

1. Ж.А.Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.

2. Ж.Жатқанбаев.Өсімдік және адамзат.

3. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.

4. М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.Өсімдік жанға шипа, дертке дауа.

5. В.Г. ПышинскийЛечение травами Ленинград «Наука»1990

Источник

Ғылыми жоба «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері»

АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы

2.2. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.

ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
«Алоэ өсімдігінің емдік шипасы» деген қағиданы ұстана отырып алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бүгінгі таңда қорғағалы тұрған тақырыбын «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» бұл тақырыпты таңдауыма жетекшім және атам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған — түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Колледж және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз колледж дәрігерім, Айгүл апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады. Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, кактус т. б. өсіремін. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты алоэ өсімдігінің түрлерін , олардың биологилық ерекшеліктерін зерттеу. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау. Алоэның табиғатта – ауаны тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу. О с ы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады.
— ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау
— алоэ өсімдігінің биологиясын және морфологиясын анықтау.
— алоэ өсімдігінің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.
— алоэ өсімдігінің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.

Читайте также:  Алоэ остистое в медицине

-алоэ өсімдігінің адам ағзасы үшін емдік қасиетін анықтап, емдік шипа ретінде қолдану.

І І.Негізгі бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан — ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 — ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.Әбу — Насыр — Әл Фараби, Әбу — Әли Ибн — Сина, Беруни, Әл — Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс — тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем — дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз. Осы дәрілік өсімдіктерінің ішінде үйде өсетін алоэ өсімдігінің ерекшелігімен емдік қасиеті жайында бүгінгі ғылыми жұмысымда айқын көз көз жеткізугі болады.

2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы.

Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік , субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді ( вегетативті ) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тісті. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.

Читайте также:  На что лучше прививать боярышник

Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.

Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

Алоэның қарсы көрсетілімдері

-өт жолдары аурулары

— бүйрек, бауыр аурулары

Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 25 0 С –тан төмен болмауы тиіс.

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.

Источник